Блог ережелері

Назар аударыңыздар!

Сіздің сұрағыңыз ресми сипатта болуы үшін, сондай-ақ «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 Заңына сәйкес қаралуы үшін, Сіз Солтүстік Қазақстан облысының сайтындағы облыс әкімінің виртуалдық қабылдау бөлмесін пайдалана аласыз, бұл үшін Виртуалды қабылдау бөлмесі тарауына көшу қажет.

  1. Осы Ережемен http://blogs.sko.kz/petropavl-kz/ электрондық мекенжайында орналасқан Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің ресми блогы (бұдан әрі – Блог) жұмысының тәртібі айқындалады.
  2. Блогқа кірушілер Блогта жарияланған материалдарға өз түсініктемелерін қалдыру мүмкіндігіне ие.
  3. Блогта хабарлама қалдыру үшін, ТАӘ, логин мен электрондық мекенжай, пароль мен қалауыңызға қарай қосымша мәліметтерді міндетті түрде көрсетумен сауалнама толтырып, тіркелу қажет.
  4. Тіркелу кезінде ұсынылған ақпарат дербес мәліметтер туралы қазақстандық заңнама талаптарын сақтай отыра, сақталып, өңделеді, пайдаланушының ТАӘ ғана Блогта көрсетуге жатады.
  5. Тысқары ұйымдардың Блог тарауларынан ақпарат пайдалануы, цитата алуы және көшіріп алуы кезінде оның электрондық мекенжайына міндетті түрде сілтеме берілуі қажет.
  6. Мына жағдайларда түсініктемелер жарияланбайды, егер:
    • бір түсініктеменің жалпы мөлшері екі мың таңбадан асып кетсе;
    • мемлекеттік құпиялар немесе заңмен қорғалатын өзге деа құпиялары бар мәліметтерден тұрса;
    • есірткі өнімдерін, психотроптық заттарды және прекурсорларды насихаттаса, алкоголь өнімдерін, темекі, темекі өнімдерін жарнамаласа, порнографиялық және сексуалдық-эротикалық сипаттағы ақпараттардан тұрса;
    • қатыгездік және зорлық-зомбылық культін, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, сословиелік және рулық басымдық бойынша кемсітушілікті насихаттаса;
    • басқа да талқылауға қатысушылар, нақты тұлғалар немесе ұйымдар атына тіл тигізуден, қоқан-лоқыдан тұрса;
    • олардың келісімінсіз үшінші тұлғалардың дербес мәліметтерін таратса;
    • коммерциялық мақсат көздесе, спам, жарнамалық ақпараттардан тұрса;
    • қолданылатын кез келген құқық нормасын бұзса;
    • тұрпайы лексикадан және оның туындысынан, сондай-ақ осы анықтамаға  саятын лексикалық бірлікті қолдануға ишараттан тұрса;
    • дерексіз сипатта болса;
    • айтатын ойлар аяқталмаса;
    • мәтіннің мағынасы ауыр және түсінуге қиын болса;
    • мәтін толығымен немесе көбінесе бас әріптермен терілсе;
    • мәтін сөйлемдерге бөлінбесе;
    • түсініктемелер сериясынан тұрса;
    • Блогтағы мақала тақырыбына қатысы жоқ сұрақтан тұрса.
  7. Хабарламаны модератор түсініктеменің жалпы мағынасын және логикасын бұзбай түзетуі мүмкін, онда айқын қателер түзетілуі мүмкін.
  8. Түсініктемеде басқа желілік ресурстарға, құжаттарға, бейнелеулерге, бейнефайлдарға сілтемені мүмкіндігінше пайдаланбаған жөн, олай болмаған жағдайда ол сілтемелерді модератор жойып жіберетін болады.
Кiру