Өмiрбаян

Тасмағанбетов Марат Иманбайұлы

Тасмағанбетов Марат Иманбайұлы1971 жылғы 20 тамызда Көкшетау облысы Рузаев ауданы Андреевка селосында туған.

Көкшетау ауылшаруашылық институтын агроном мамандығы бойынша, Алматы экономика және статистика институтын экономист мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1994 жылдан Көкшетау облысы Рузаев ауданы «Привольный» совхозында бригада есепшiсi болып бастаған.

1995–1998 жж. — Солтүстiк Қазақстан облысы Целинный ауданының «Западное Қазақстан» ЖШС бас агрономы.

1998–2000 жж. — Солтүстiк Қазақстан облысы Целинный ауданының «Западное Қазақстан» ЖШС директоры.

2000–2006 жж. — Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсiрепов ауданының «Вест» ЖШС директоры.

2006 жылдан бастап осы уақытқа дейiн Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсiрепов ауданының әкiмi болып қызмет атқарды.

2014 жылғы 11 қазаннан Петропавл қаласының әкiмi болып тағайындалды.

Марапаттаулар:

ҚР Президентiнiң алғыс хаты 2001 ж.

«Тыңға 50 жыл» мерейтойлық медалi 2004 ж.

«Құрмет» орденi 2007 ж.

«Парасат» орденi 2011 ж.

Кiру