Барлық жазбалар

Құрметті құрылыс саласының қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – құрылысшылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бүгінде еліміздегі құрылыс саласы – Отандық экономиканың басты көрсеткіштеріне айналып отыр. Қазіргі таңда өздеріңіз еңбек етіп отырған салада көптеген жұмыс орындарының ашылуымен қатар жаңа құрылыс нысандарының қолға алынуы сіздерге деген мемлекеттің артып отырған үлкен сенімі. читать полностью »

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезекте тұрған азаматтар үшін ҚТҚЖБ желісі бойынша «Барлық санаттағы азаматтарға арналған тұрғын үй» бағыты бойынша «Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасы бойынша құжаттарды қабылдау басталды

72 пәтерлік тұрғын үйді сатуға Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезекте тұрған азаматтар үшін (бұдан әрі – кезекте тұрғандар) ҚТҚЖБ желісі бойынша «Барлық санаттағы азаматтарға арналған тұрғын үй» бағыты бойынша «Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасына (бұдан әрі – Бағдарлама) сәйкес тұрғын үйді сатуға құжаттарды қабылдау басталғанын халыққа мәлімдейді, оның ішінде: читать полностью »

Марат Тасмағанбетов:«Құлпыра түс, Ерке Есіл жағасындағы туған қала»

6 шiлде, дүйсенбi күнi барлық қазақстандықтар елiмiздiң бас қаласы — Астананың туған күнiн ереше салтанатпен атап өттi. Алдағы жексенбiде қызылжарлықтар облысымыздың орталығы — Петропавл қаласының күнiн мерекелейтiн болады. Үшiншi шақырылмдағы Петропавл қалалық мәслихатының 2005 жылғы 14 шiлдедегi он жетiншi сессиясының №5 шешiмiне сәйкес Петропавл қаласының күнi шiлде айының екiншi жексенбiсiнде атап өтiледi. Мереке қарсаңында Петропавл қаласының әкiмi Марат Тасмағанбетовпен әңгiме өрбiткен болатынбыз.

Марат Иманбайұлы, Сiздiң Петропавл қаласының әкiмi болып жұмыс iстеп жатқаныңызға бiр жылға жуық уақыт өттi. Сiз бұл тағайындауды қалай қабылдадыңыз?

— Облыс әкiмi Ерiк Сұлтановтың Петропавл қаласының әкiмi қызметiне менi тағайындау туралы өкiмiн жеке басым өзiме жүктелген зор жауапкершiлiк деп қабылдадым. Бұл сенiмдi ақтай аламын ба деген ойдың қылаң бергенiн жасырмаймын. «Көз қорқақ, қол батыр» демей ме қазақ атамыз, артылған сенiмдi ақтау үшiн бел шеше еңбек етудi ұйғардым. Бiр жылға жуық уақыт iшiнде атқарылған iстерге һала тұрғындары өз бағасын бередi ғой деп ойлаймын. читать полностью »

Әкімнің тұрғындарға үндеуі

Құрметті петропавлдықтар!

Қымбатты достар!

Қала  күнін  мерекелеуге қолдау көрсеткен-деріңіз және белсене қатысқандарыңыз  үшін рахмет!

Шаралардың осындай жоғары деңгейде өтуі  оның тұрғындарының туған  қаласына  деген ыстық ықыласының көрінісі, мереке-лерді лайықты түрде бірлесіп жүргізуге біздің дайын екендігіміздің жарқын дәлелі  болды.

Қала күні  мерекесін дайындауға бір  мыңнан астам адам қатысты. Олардың арасында отыздан астам шығармашылық ұжымдар, қо-ғамдық бірлестіктер, сондай-ақ білім, мә-дениет мекемелерінің өкілдері, облыс  спорт-шылары, әскери қызметшілер және қала өміріне бейжай қарай алмайтындар болды.

Мерекені өткізуге демеушілік көмек көрсет-кен шағын және орта бизнес өкілдеріне ерекше  алғыс білдіремін.

Қымбатты  достар!

Осындай ауқымды Қала күнін мерекелеу дәс-түрінің одан әрі жалғасын табатынына сенім-дімін.

Барша қалалықтарға, әр отбасыға шын  жүректен денсаулық,  бақыт,  табыс және Отанымыз – Қазақстан Республикасының гүлденуі үшін жаңа жетістіктер тілеймін!

 

Төлеген  ЗАКАРИЯНОВ,

Петропавл  қаласының әкімі.

2013 жылғы бірінші жартыжылдықтағы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша Петропавл қаласының әкімі Т.Қ. Закарияновтың есеп беруі

Құрметті депутаттар!

Сессияға қатысушылар!

            Есеп беру кезіндегі қалалық атқарушы органдарының қызметі экономикалық тұрақтылық және қала халқының әлеуметтік салауаттылықты қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік, өңірлік және қалалық бағдарламалар, Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жолдауының ережелерін, облыс әкімінің тапсырмаларын іске асыруға бағытталған.

  Бағдарламалық құжат «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы: Жалпыға ортақ  Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам», «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» ел жүргізілетін әлеуметтік саясаттың маңыздылығына бағытталған оның нәтижесі әрбір  азаматтың ырысы болып табылады.

читать полностью »

Кiру