Құттықтаулар

Құрметтi петропавлдықтар!

Сiздердi Құрбан айтпен құттықтаймын.

Ислам адамзаттың iзгi құндылықтарын уағыздайтын дiн. Бұл — елдiң ынтымағы мен бiрлiгiн, қанағаты мен қайырымдылығын арттыратын мейрам.

Әрбiр мұсылман бұл қасиеттi мерекенi үмiтпен және игi ниетпен қарсы алады.

Сiздердiң барлық iзгi тiлектерiңiз орындалсын.

Баршаңызға бейбiтшiлiк, жақсылық пен аман-саулық тiлеймiн.

Төлеген Закариянов
Петропавл қаласының әкiмi

Құрметтi педагогтар!

Сiздердi Мұғалiм күнiмен шын жүректен құттықтаймын.

Өмiр ықылым заманнан берi мұғалiмдер қауымына ең жоғары талаптар қойып отыр.

Сiздердiң бiлiмдерiңiз бен бiлiмдарлықтарыңыз, өз iстерiңiзге берiлгендiктерiңiз, туған жерге сүйiспеншiлiктерiңiз, әр оқушыны тұлға етiп тәрбиелеудегi еңбектерiңiз — бiздiң қалада бiлiм беру жүйесiнiң алдыңғы шептрен көрiнуiне қосқан үлестерiңiз.

Сiздер мыңдаған шәкiрттерiңiзге терең бiлiм, тәлiмдi тәрбие берiңiздер, олардың көпшiлiгi Қазақстанның мақтанышына айналған. Бұл iсте Сiздердiң еңбектерiңiз ұшан-теңiз.

Сiздерге қайырымдылықтарыңыз бен шыдамдылықтарыңыз, даналықтарыңыз бен iзгiлiктерiңiз, өз кәсiптерiңiзге шынайы берiлгендiктерiңiз үшiн алғыс бiлдiремiн.

Тамаша кәсiптiк мереке күнi баршаңызға денсаулық, бақыт, игiлiк, жұмыстарыңызда жаңа шығармашылық табыс тiлеймiн.

Төлеген Закариянов
Петропавл қаласының әкiмi

Жаңа жылмен құттықтау

Құрметті петропавлдықтар!

            2013 жыл тарихта қалып барады.

            Өткен жыл әрқайсысы адамдардың тұрмысын, өмір сүру сапасын, ертеңгі күніне деген сенімін арттыруға бағытталған бірқатар мемлекеттік бағдарламаларды іске асырудағы жетістіктермен ерекшеленді.

            Сөзсіз, осы және басқа да жоспарларды орындау іс жүзінде жерлестеріміздің бірлігі, еңбекқорлығы мен жауапкершіліктерінің, қалада өтіп жатқан оқиғаларға әр петропавлдықтың немқұрайды қарамауының нәтижесінде мүмкін болды.

            Біз аттағалы тұрған Жаңа жыл жарқын да қызықты болады деп күтілуде. 2014 жылы бізге «Қазақстан 2050 стратегиясындағы» Елбасы Н.Ә. Назарбаев қойған міндеттерді орындау бойынша жұмысты бірлесіп жалғастыру қажет, ол 2050 жылы Қазақстанға  әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттердің қатарына енуге мүмкіндік береді.

Қымбатты достар!

            Жаңа жыл дәстүр бойынша жарқын болашақ пен жаңа жетістіктердің символы болып табылады. Сол себепті де бұл мерекемен біздің әрқайсымызды жаңа өмір байланыстырады.

            Сіздерді келе жатқан Жаңа 2014 жылмен шын жүректен құттықтаймын!

            Молшылық, аман-саулық, зор денсаулық бақыт, махаббат және өзара түсініспеншілік тілеймін.  Сіздердің ежелгі армандарыңыз орындалып, әр отбасына табыс, молшылық және қуаныш әкелсін!

            Жаңа жылмен!

 Петропавл қ.әкімі

Т.Закариянов

 

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен құттықтау

Құрметті петропавлдықтар мен қала меймандары!

Сіздерді басты мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен құттықтаймын! Бұл мереке – көпэтносты Қазақстанныңөміріндегі айтулы оқиға, бостандық пен біздің мемлекетіміздіңқуаттылығыныңсимволы.

Еліміздің көк байрағы бейбіт аспанда асқақ желбіреп, халқы-мыздың сан ғасырлық арманы жүзеге асқанына жиырма екі жыл толып отыр.

Осы жылдар ішінде еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында Мемлекет басшысы “Қазақстан – 2030” Стратегиясында белгілеген міндеттер бірқатар өлшемдер бойынша мерзімінен бұрын орындалды. Бүгіндері біздіңқоғамға Президенттік “Қазақстан – 2050” Стратегиясын орындау жолында жұмылуға және Қазақстанныңәлемнің ең дамыған 30 мемлекетініңқатарына кірудіңөршіл, орасан зор мақсатына қол жеткізуге әркім өз үлесін қосуы тиіс.

Қымбатты жерлестер!

Тәуелсіздікке қол жеткізген сәттен бастап біздің халқымыз Қазақстанныңұлы тарихын жаңа жетістіктермен және табысты қайта құрулармен жалғастырды.

Мемлекеттің дамуына петропавлдықтар да өздерінің сүбелі үлестерін қосуда. Қаламызда экономика серпінді дамып келеді, әлеу-меттік салада бағдарламалар жоспарлы жүзеге асырылуда. Жыл сайын азаматтардыңөмір сүру жағдайы жақсаруда, біздің Петро-павл көркейіп келеді.

Еліміздің гүлденуі мен дамуына қосатын біздіңүлесіміз қомақты бола түсетініне сенімдімін.

Сіздерді осы мерейлі мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Баршаңызға мықты денсаулық, бақыт, игілік, ашық аспан, әр үйге бейбітшілік тілеймін!

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен!

Төлеген ЗАКАРИЯНОВ,

Петропавл қаласыныңәкімі

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтау

Құрметті петропавлдықтар мен қала меймандары!

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыздар!

Бұл – өзінің Президенті мен Елбасына Қазақстан халқының жоғары сенімін, тереңқұрметі мен ардақ тұтуының айқын айғағы болып табылатын барлыққазақстандықтар үшін ерекше мереке.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың даналығы мен саяси көзқарасы “тар жол, тайғақ кешу” жылдары еліміздің экономикалық дамуының дәйекті стратегиясын жасауға, күрделі реформаларды жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Бүгіндері бұл стратегияны барлықәлем жаңғыртудыңқазақстандық моделі, дамудыңқазақстандық жолы ретінде мойындап отыр.

Біздің Президент еліміздің бірлігін қамтамасыз етті, Конституцияны, республика азаматтарыныңқұқықтары мен бостандығын қорғады. Тәуелсіздік жылдары оның дана басшылығымен адамдар ертеңгі күнге сеніммен қарай бастады. Және бүгіндері біз болашағымыздың жарқын болатынына кәміл сенімдіміз. Ең бастысы – елімізде бейбітшілік пен тұрақтылық орныққан. Бұл біздің ең басты байлығымыз, оны әрбір қазақстандық мақтан тұтады.

Тұңғыш Президент күні барлыққазақстандықтардың бірлігін бейнелейді. Бұл мереке Қазақстанның тәуелсіз даму жолындағы барлық жетістіктерінің айқын айғағы болып табылады.

Қымбатты қалалықтар!

Сіздерді осы шын мәніндегі жалпыхалықтық мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Барлық петропавлдықтарға, еңбек ұжымдарына, шағын және орта бизнес өкілдеріне, қала жұртшылығына жаңа табыстар, жетістіктер мен одан әрі даму тілеймін!

Әр үйде, әр отбасында денсаулық, бейбітшілік пен игілік, молшылық болсын, біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы гүлдене берсін!

Төлеген ЗАКАРИЯНОВ,

Петропавл қаласыныңәкімі

Кiру